Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қайда өтетіні белгілі болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2774

Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында  күзде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дайындық барысы туралы айтылды, деп жазады madeniportal.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

8-14 қыркүйек аралығында өтетін додаға   дайындық жайында  «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» жетекшісінің орынбасары Абылай Қондыбаев баяндады.

«Ашылу салтанаты «Астана Арена» стадионында өтсе, күрес түрлерінен дода Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында», «Алау» мұз сарайында халық ойындары мен  жекпе-жек түрлерінен дода болады. ««Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде акредиттеу мен жабдықтау штабы орналасады. «Думан» конференц залында дәстүрлі зияткерлік ойындар ұйымдастырылса, «Қазанат» атшабарында ат спорты және көрнекі жарыстар өтеді», деді А.Қондыбаев.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...