32 жылдан кейінгі жеңіс: Азия ойындарында еркін жаттығудан күміс медаль қоржында

ҰОК/Арлан Олжабай

СПОРТ
186

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Милад Карими Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанып, елімізге көп күткен жеңісті сыйлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Қазақстандық гимнаст спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, қорытынды есепте екінші орын алды. 

Осылайша, Қазақстан 32 жылдан кейін Азия ойындарында осы бағдарлама бойынша қайтадан күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін қазақстандық гимнаст ерлер арасындағы еркін жаттығуда 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарында екінші орын алған болатын. Ол кезде Сергей Федорченко күміс жүлдеге қол жеткізген еді. 

Милад Карими үшін бұл - Азия ойындарында еркін жаттығудан жеңіп алған алғашқы медаль. 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында ол осы бағдарламада бесінші орын алған болатын.

Милад Карими - Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшы гимнастарының бірі. Ол Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында, ірі халықаралық жарыстарда еліміздің намысын бірнеше рет қорғады. 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матаймен болған оқиғасын айтып, ренішін білдірді. Ол бұл туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотталған Шерхан Аймаханға тағайындалған өмір бойына бас...