Халықаралық World Boxing бокс федерациясы жанкүйерлердің дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық...
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет негізгі құрамда шыққаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Жас шабуылшы бұл мүмкіндікті пайдаланып, матч барысында белсенділік танытты. Алайда кездесу «Бернли» үшін сәтсіз аяқталып, команда пенальти сериясында жеңіліс тапты.
Ойыннан кейін Дастан Сәтпаев жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, жеңіліске қарамастан команда алдағы уақытта бұдан да мықты болатынын айтты.
«Бүгін бізбен бірге болып, соңғы секундқа дейін қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Пенальтиден жеңілгеніміз өте өкінішті, бірақ футболда мұндай жағдай болады. Біз алаңда соңына дейін барымызды салдық. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл — тек бастамасы. Біз бірге жұмыс істеп, бұдан да мықты боламыз. Алға, “Кларетс”!»
Сәтпаев үшін бұл ойын маңызды тәжірибе болды. Негізгі құрамда алғаш рет шығуы оның «Бернли» сапындағы мүмкіндіктері артып келе жатқанын көрсетеді. Енді қазақстандық жанкүйерлер жас футболшының алдағы матчтарда негізгі құрамдағы орнын сақтап қала ма деген сұраққа қызығушылық танытуда.