Таиландтың Паттайя қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Илья Ильин жүлдесіз қал...
Аңсарбек Ғайнуллин Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
ашық дереккөз
300
Қазақстандық дзюдошы Аңсарбек Ғайнуллин Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қола медаль үшін өткен белдесуде Ғайнуллин молдовалық Влад Митрудан басым түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге ие болса, Шерзод Давлатов қола медаль алған еді.