Алматыдағы Skala climbing gym спорт кешенінде мұзға өрмелеуден ересектер, жастар мен жасөспірімдер а...
Олимпиада: Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері ауруханаға түсті
Сурет: egemen.kz
Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек салмасы ұстап қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбіде Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған соң, 41 жастағы Толқын Қылышев пен оның командасы рингтен оралып, жаттығу залында тойлап жатқанда бас бапкердің жүрек талмасы ұстаған.
Дәл сол кезде Ұлыбритания бокс құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис оған алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен.
«Өзбекстан бапкерлері жаттығу залына келіп, жеңісті тойлай бастады. Сосын айқайлаған дауыс шықты. Хардж бірінші болып олардың қасына жетіп барды. Мен оның соңынан бардым. Мен барған кезде Хардж жүрек талмасының бетін қайтаратын реанимация істеп жатыр екен. Мен жедел жәрдем көрсетуге арналған сөмкені ашып, первым, дефибриллятор алып, электрод қойдым. Басында ол өз-өзіне келмеді, сосын 20-30 секундтан соң есін жиды», – дейді физиотерапевт Робби Лиллис.
Қылышев ауруханаға жеткізілді.