Қысқы универсиада. Ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

ЖАҢАЛЫҚТАР
2646


Вадим Куралес

Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы болды.

Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

Жарыс жолына 16-ыншы болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті.

Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтардан бүгін сондай-ақ Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскенімен, олар жүлдеге іліге алмады.

Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.

Бұдан бұрын қысқы универсиадада мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық жұп 10-орын алған болатын.


ҚазАқпарат

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...