Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортынан қыздар арасында ашық біріншілік өтеді,...
Футболдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ойсырата жеңді!
Фото: kff_team
2269
Футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ойсырата жеңді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Өзбекстанның астанасы Ташкентте "Хумо Аренада" Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияға қарсы ойында қарсыластарын үлкен есеп айырмашылығымен жеңді. Футболшыларымыз 10:0 есебімен қарсылас командаға бірде-бір есе жібермей, сәтті ойын көрсетті. Осылайша футболшыларымыз 1/8 финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бүгінгі ойында алғашқы голды Ринат Төреғазин салып, есеп ашқан болатын.
Жігіттерді бүгінгі жеңістерімен құттықтап, алдағы ойындарға сәттілік тілейміз!