Кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық құрамаға қайтып оралды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2277

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұл ұлттық командамен жаттығуды бастады, деп хабарлады madeniportal.kz ҰОК-ға сілтеме жасап.

Ол ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр. 

«Мен кәсіпқой бокста өнер көрсеттім. Алайда онда жекпе-жекке шықпадым. Жарты жылға жуық уақыт бойы шаршы алаңға шықпадым. Бірақ дайындықты тоқтатпадым. 

Соңғы екі ай бойы демалдым. Қазір құрамамен бірге жаттыға бастадым. Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Ары қарай көре жатармыз», - деді Аманқұл. 

Айта кетелік, Аманқұл кәсіпқой бокстан бес жекпе-жекке қатысты. Оның төртеуінде жеңіске жетсе, біреуде қарсыласымен тең түскен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...