Генадий Головкин рингке оралауы мүмкін

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
2151

Американдық журналист Майкл Бенсонның Twitter аккаунтында Геннадий Головкиннің рингке оралуы туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Хабарламада Головкин 3 наурызда Монте-Карлода WBO титулы үшін Баду Джекпен кездесу өткізеді.

Алайда жекпе-жектің ресми растамасы жоқ.

Головкин 2022 жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Қазіргі таңда атақты қазақстандық боксшы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне назар аударуда.