Грэпплинг: Әлемнің үздіктері Астанада бас қосты

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1993

Грэпплингтен 7-12 қазан күндері аралығында U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi сайыстары бойынша Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде үздіктер анықталады, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness.kz-сілтеме жасап.

Бұған дейін 2018, 2019 жылдары Астана қаласында өткен Әлем чемпионаттарына 20-дан астам мемлекет қатысса, биыл бұл көрсеткіш 31-ге өсті.

Елімізде өткен бұған дейінгі Әлем чемпионатынан ерекшелігі - тек ересектер ғана емес, жасөспірімдеріміз де алғаш рет өз жерімізде айтулы додада жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан бұл бәсекеге 200-ден астам спортшысын жарысқа қосты. Сондай-ақ, АҚШ, Ресей, Украина, Польша, Франция елдері де ең көп өкілдерін әкелген мемлекеттердің қатарына кіреді.

Жарыстың ағашқы күні грэпплингтен U15 және U17 санаты бойынша бірнеше салмақта жүлдегерлердің есімі белгілі болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...