Орташа айлық 15 миллион: Футболшы Асхат Тағыбергеннің жалақысы белгілі болды

Фото: Ордабасы ФК

СПОРТ
1478

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыбергеннің жалақысын жария етіп, белгілі экс-футболшы Клод Макелеленің команда тәлімгері лауазымына сәтсіз тағайындалғаны туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport-қа сілтеме жасап. 

Бізге «батпаққа белшеден батқан» команда қалды. Футболшылардың орташа жалақысы 15 млн теңге. Екі жылдық келісімшарттары бар және олар УЕФА-да тіркелген. Егер біз олармен келісімшартты бұзсақ, айыппұл төлейміз. Асхат Тағыберген енді ойнай алмайды, кеткісі де келмейді, отырады. Ашық айтамын, жалақысы 20 млн теңге. Мен бұл жағдайда ештеңе істей алмаймын.

Андрей Мартин – өте мықты бапкер. Шынтуайтында, Клод Макелеле «Ордабасының» бас бапкері болғысы келді және дайын еді. Барлығы келісілді, бірақ соңында мен бас тарттым. Мған аты бар, бірақ қолынан іс келмейтін адам керек? - деді Сыздықбеков.

Айта кетейік, бұған дейін француздың даңқты футболшысы, 52 жастағы Клод Макелеле шымкенттік “Ордабасы” клубын жаттықтыруға келіскен. Бірақ соңғы сәтте “Ордабасы” шетелдік маманның қызметінен бас тартты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...