Михаил Шайдоровты Алматыда да ерекше күтіп алды

Фото: Досбол Атажан

СПОРТ
117

Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматы жұрты спортшыны қала әуежайында ыстық ықыласпен күтіп алды. Түнгі уақытқа қарамастан әуе айлағының халықаралық терминалында Михаил Шайдоровты күткен жұрттың қарасы қалың болды. Чемпионды қарсы алуға қала әкімдігінің өкілдері, оның туған-туыстары мен жанкүйерлері арнайы келді.

Тарихи жүлденің иегері туған қаласының тұрғындарына алғыс айтып, олардың қолдауын ерекше сезінгенін атап өтті.

- Үйге жеттім-ау! Туып өскен қалама, қазір және болашақта тұратын қалама келгеніме қуаныштымын. Туған жеріңде осындай жылы лебізді сезіну - қандай сезім екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әрдайым қолдау білдірген сіздерге алғыс білдіремін, - деді Михаил Шайдоров.

Ол әрі қарай да халықаралық жарыстарға қатысып, жоғары жетістіктерге жетуге тырысатынын атап өтті. Сондай-ақ елімізде мәнерлеп сырғанауды дәріптеп, оның дамуына атсалысуды жоспарлап отырғанын айтты.

Салтанатты рәсім барысында танымал қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы Михаил Шайдоровқа кілемге салынған портретін сыйға тартты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысының жүктілігіне қатысты қыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 5 науқас бар, олардың екеуі жансақтау бөлімі...