Елена Рыбакина 17 жастағы ресейлік теннисшіден жеңіліп қалды

Фото: championat.com

СПОРТ
1344

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина ширек финалдан аса алмай келген ресейлік спортшыға есе жіберіп алды, деп хаьарлайды madeniportal.kz.

Отандасымыз 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Қарсыластар кортта 2 сағат 16 минут өткізді.

Мирра Андреева бұған дейін үш рет ширек финалдан әрі аса алмаған.

Осылайша, Дубайдағы турнирде ресейлік жас теннисші "Үлкен дулығаның" үш чемпионын – Маркета Вондроушеваны, Ига Швентекті және Елена Рыбакинаны жеңді.

24 ақпанда WTA рейтингі жаңартылғаннан кейін Мирра Касаткинаны басып озып, мансабында алғаш рет Ресейдің бірінші ракеткасы атанады. Ал, егер Дубайда финалда жеңіске жетсе, әлемнің ТОП-10 теннисшісі қатарына кіреді.

Мирра Андреева финалда БАӘ турнирде Клара Таусонға қарсы ойнайды. Матч 22 ақпан, Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де Дубайдың орталық кортында өтеді. 

Шоу-бизнес

Танымал "Кешью" тобысының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі жайлы сөз етті, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран аумағынан Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған зымырандар мен...