Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері болды

Фото: ФК Атырау

СПОРТ
384

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері атанды. 47 жастағы маман бұл қызметте Владимир Чебуринді алмастырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Клуб Чебуринмен келісімшартты 7 тамызда тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатқанын жариялаған еді. Кейін маман бұл шешім команданың басшылығы ауысуына байланысты қабылданғанын түсіндірді.

Самат Смақовтың бапкерлік тәжірибесі аз емес. Ол Шымкенттің «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, кейін Семейдің «Елімай» командасын басқарды. Смақовтың жетекшілігімен «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.

Сонымен қатар Смақов елордалық «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, Талдықорғанның «Жетісу» командасын жаттықтырды.

Смақов футболшы ретінде Қазақстан құрамасының сапында 76 матч өткізді. Ол ел чемпионы атанып, бұл жетістікке алты рет қол жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның үздік футболшысы атағын төрт рет иеленген.

Қазіргі таңда «мұнайшылар» Премьер-лигада 19 матчтан кейін 19 ұпай жинап, 13-орында тұр. Енді Самат Смақов алдында «Атыраудың» турнирлік жағдайын жақсартып, команданы Премьер-лигада сақтап қалу міндеті тұр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция «Айша» сауда орталығында жаңа бутиктің ашылуы кезінде болған жаппай кептеліске қ...