Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапында алаңға шықпау себебі белгілі болды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1001

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернлидің» Чемпионшипта өткен бірінші матчына өтінімге енген жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Спорт Шредингера» телеграм арнасының мәліметінше, бұған жарақат емес, қажетті құжаттардың рәсімделіп үлгермеуі себеп болған.

Дереккөз клубтың Сәтпаевты матчқа тіркеу үшін қажетті құжаттарды уақытында рәсімдеп үлгермегенін хабарлады. Басылым мәселе футболшының Ұлыбританиядағы жұмыс визасына байланысты болуы мүмкін деп болжап отыр.

Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» бір маусымға жалға берілген. «Бернли» келесі кездесуін 23 тамызда өткізеді. Осы уақытқа дейін қазақстандық футболшының құжаттары толық рәсімделеді деп күтілуде. 

Шоу-бизнес

Жыл сайын өткізілетін сұлулық байқауына кастинг басталғанын Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бауырым» әнінің авторы Аль Фараби Бекарысұлы туындының шығуына себеп болған отбасылық о...