“Тойымыз үйде өтті": Олимпиаданың күміс жүлдегері қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлы үйленді

Фото: instagram.com/munar.1

СПОРТ
2176

Олимпиаданың күміс жүлдегері қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлы шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"24 тамыз Құдайдың маған берген жақсы күндерінің бірі болды. Мен некелесіп, әйеліммен бірге екі дүниенің бақытына жол бастадым. Президентіміздің ысырапқа жол бермеу туралы сөзіне қосыламын және сіздерді де солай етуге шақырамын. Тойымыз шариғатқа сай, үйде өтті", - деп жазды қырғызстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Қырғызстан тарихында алғаш рет қырғыз боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиаданың финалына шығып, Париждегі төртжылдық спорт сайынсында жүміс жүлдегер атанған еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Алматы қаласында ақын , журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек...

ӘДЕБИЕТ

Шүй Жымо  徐志摩 Xu Zhimo (1897 – 1931), Қытайдың аса талантты ақыны, жазушысы, эссеи...