Олимпиада чемпионы Қытайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Фото: ҰОК

СПОРТ
492

Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирдің жартылай финалында қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы ширек финалға дейін жетіп, онда франциялық Энцо Джинмен белдесті. Бұл кездесуде жеңіс француз дзюдошысына бұйырды.

Соған қарамастан, Елдос Сметовтің Гран-при турнирінің медалі үшін күресуге мүмкіндігі сақталып отыр. Егер ол жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күреседі.

Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) Циндаодағы жарысты аяқтады. 

Әлем

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Бихар штатында Ашок Дхам ғибадатханасының маңында діни іс-шара б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Меңкесер көлінде бір айда демалуға барған екі адамның...