Есімі ерекше: Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды

Фото: sn.kz коллажы

СПОРТ
1338

Футболшы Асхат Тағыберген төртінші рет әке атанды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл сүйінші хабар Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жарияланды. 

"Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы. Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!", - делінген хабарламада.

Желі қолданушылары бұл қуанышты жақсылыққа балап, құттықтау тілектерін жазып жатыр. 

"Күшті, "Қайрат" пен "Реалдың" матчына сәйкес болыпты", "Есімін Жеңіс қояйық", "Бауы берік болсын!", "Тарихи күндегі қуаншыты хабар", - деп жазды оқырмандар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...