Ұлттық құрама ойыншысы Нұралы Әліп халықаралық MBA дәрежесін иеленді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
521

Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп MBA (Master of Business Administration) дәрежесін иеленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

26 жастағы футболшы әлеуметтік желіде мантиямен түскен суретін жариялап, Ақтаудағы жоғары оқу орнынан алған бизнес пен менеджмент саласындағы халықаралық MBA бағдарламасының қызыл дипломын көрсетті. Салтанатты сәтте оның жанында жұбайы Әйгерім мен қызы болды.

«2 диплом МВА», – деп жазды Нұралы Әліп жариялаған сторисінде.

Айта кетейік, өткен маусымда қазақстандық қорғаушы «Зенит» сапында төртінші рет Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды. Оның клубпен жасасқан келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Сонымен қатар Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны саналады. 

Өнер

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, КСРО жән...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі бар екен...