Отандық спортшылар пара үстел теннисінен қола медаль иеленді

Фото: t.me/parateamkz

СПОРТ
82

V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль иеленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдері Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен есе жіберді.

Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.

Бұған дейін топтық кезеңде Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы Индонезия құрамасын 3:1, Жапония командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай құрамасына 1:3 есебімен есе жіберген болатын. 

Пара үстел теннисі – физикалық немесе зияткерлік ерекшеліктері бар спортшылар қатысатын спорт түрі. Спортшылардың мүмкіндіктеріне қарай олар арнайы кластарға бөлінеді. Физикалық ерекшеліктері бар қатысушылар 1–10 кластарда, ал зияткерлік ерекшеліктері бар спортшылар 11-класта өнер көрсетеді.

XD20 – аралас жұптық жарыстың кластарының бірі. Бұл санатта ерлер мен әйелдер бір командада өнер көрсетеді. Жарыстарда спортшылардың жеке шеберлігімен қатар, жұп болып үйлесімді ойнауы да маңызды рөл атқарады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда көпбалалы әйел мен құрбысы 461 адамды алдап, 700 млн теңгеден астам ақша алған, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауруханаға түскен 58 оқушы емделіп, үйіне шығарылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұған дейін Ал...