Қазақстан футболының танымал бапкері өмірден өтті

Фото: kazfootball.kz

СПОРТ
424

Белгілі футбол маманы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Владимир Алишоевич футболшы ретінде мәскеулік "Торпедо" сапындағы өнер көрсетуімен танымал болған. Сондай-ақ оның еншісінде КСРО-ның жастар және ұлттық құрамаларында өткізген матчтары бар.

Ол 1946 жылы 26 ақпанда Душанбеде дүниеге келген. Ойыншылық мансабының басым бөлігін Тәжікстанда өткізген Владимир Гулямхайдаров кейін бапкерлік қызметке ауысып, Қазақстан футболының дамуына елеулі үлес қосты.

1990 жылдардың ортасында Қазақстанға қоныс аударған маман еліміздің бірқатар танымал клубтарында қызмет атқарды. Әр жылдары "Қайрат", "Тараз", "Жетісу", "Мегаспорт", "Локомотив" және "Сұңқар" командаларында бапкерлік қызмет атқарған.

Футбол жанкүйерлері мен әріптестері Владимир Гулямхайдаровты тәжірибелі маман әрі отандық футболдың дамуына еңбек сіңірген тұлға ретінде еске алады.

"Владимир Алишоевич 1999 және 2001 жылдары Қазақстан Кубогінің иегері атанса, 2004 жылы алматылық "Қайраттың" бапкерлер штабында жұмыс істеп, Премьер-лига чемпиондығын жеңіп алды.", - деп хабарлады ҚФФ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полицияға тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде қатты шу болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға ор...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық боксшы, World Boxing президенті әрі Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Голов...