Өзбекстанның екі спортшысы бір күнде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды

Хасонбай Дусматов. Фото: Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті

СПОРТ
2200

Өзбекстандық таэквондошы Улугбек Рашитов пен боксшы Хасанбой Дусматов Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалында жеңіске жетіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

22 жастағы Рашитов 68 килограмға дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде иорданиялық Заид Кариммен кездесіп, 2:0 (5:4, 3:1) есебімен жеңіске жетті. Өзбекстандық өз елінің тарихында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш спортшы болды. Ол бұған дейін 2020 жылы Токиода өткен ойындарда дәл осы санатта алтын алған болатын. Көп ұзамай Рашитовтың жетістігін 2016 жылы өткен Рио-де-Жанейрода Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Думатов қайталады. 31 жастағы өзбекстандық 51 кг дейінгі салмақ дәрежесінде финалда француз боксшысы Билал Беннамды 5:0 есебімен жеңді.

Қазір Өзбекстан құрамасының еншісінде 2024 жылғы ойындардың үш алтыны бар. Бұған дейін дзюдошы Диера Келдиерова өз елінің тарихында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш әйел болған.

Рашитов пен Дусматовтың Париждегі жетістігін тағы бір өзбек боксшысы Баходир Жалолов қайталауы мүмкін. Токио Олимпиадасының жеңімпазы Франция астанасында өтетін финалдық бәсекеде бақ сынайды. Одан бөлек, Өзбекстанның тағы үш боксшысы Олимпиада ойындарының финалына шықты. Олардың қатарында Абдумалик Холоков, Асадхужа Муйдинхужаев, Лазизбек Муллажонов бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республиканың 8 845 280 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды MadeniPirtal.kz. Қызылорда облысынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...