«Реал Мадрид» ойыншылары «Қайратты» ойсырата жеңді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1681

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" клубтарының жастар құрамы Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында матч өткізді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мадридтік жас футболшылар ойын басталысымен-ақ белсенді болды. «Қайрат» қақпасынан матчтың бірінші бөлігінде 3 рет саңылау тапты. Екінші таймда да 1 гол соқты. Ал алаң иелері жалғыз доппен жауап қайтара алды. 

Осылайша, «Қайрат» U-19 екінші рет жеңіліс дәмін тартты. Бұған дейінгі турда алматылықтар сырт алаңда Лиссабонның «Спортингіне» 2:3 есебімен жол берген болатын. Қазір «Қайрат» 30-орында тұр. Ал «Реал» алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. 

«Қайрат» U-19 (Алматы, Қазақстан) – «Реал» U-19 (Мадрид, Испания) – 1:4

Голдар: Исмаил Бекболат 58 – Хайме Портерос 8, Виктор Вальдепеньяс 18, Роберто Мартин 38, Якобо Ортега 77. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...