Садриддин Ахметов алғаш рет жеңіске жете алмады

Фото: инстаграм парақшасынан

СПОРТ
1766

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин АҚШ-та өткен жекпе-жегінде жеңіске дете алмады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Садриддин Ахметовтің Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен 10 раундтық жекпе-жегі тең аяқталды. Үш төреші бір ауыздан – 95:95 есебімен тең шешім шығарды.

Бұл нәтиже Садриддин үшін кәсіби мансабындағы алғашқы тең ойын болып отыр. Бұған дейін ол 15 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 13-ін нокаутпен аяқтаған еді.

Жекпе-жектен кейін Садриддин Ахметов бәрі де алда екендігін айтып, қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Бұл — бокс. Қарсыласым мықты болды. Мен бесінші не алтыншы раундта қолымды сындырып алдым. Соған қарамастан, бұл жақсы жекпе-жек болды. Реванш өткіземіз деп ойлаймын. Барша Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Бұл жай ғана спорт. Біз міндетті түрде қайта оралып, келесі жекпе-жекте жеңіске жетеміз, - деді ол. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...