Полиция "Қайрат" пен KuPS ойынына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Фото: gov.kz

СПОРТ
537

Бүгін Алматыда өтетін "Қайрат" – KuPS матчы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты полиция ескерту жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы) және KuPS (Финляндия) командалары арасындағы матч барысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 1,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

"Бұл матчқа көптеген жанкүйер жиналады деп күтілуде, осыған байланысты полицияның кешенді күштері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады", - деп хабарлады полиция.

Арнайы көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көлік кептелістеріне жол бермеу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерімен шектелген аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Полиция тұрғындарды бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынуға шақырады.

 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...