Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйе...
1 жыл бұрын білген: Шерхан Қалмұрзаның сүйіктісінің арманы орындалды
Фото: MadeniPortal коллажы
Қайрат футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның сүйіктісі ерекше видеомен бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Белгілі футболшы Самат Смақовтың қызы, қазір Шерхан Қалмұрзаның сүйіктісі ретінде көзге түсіп жүрген Самира Смақова өзінің бір арманының орвндалғанын бөлісті. Ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Видеоның ең маңыздысы ондағы Самира 1 жыл бұрын Шерханға қатысты жазған арманы болып отыр. Самира 2024 жылы өзінің арман-мақсаттарының қатарына “Орталық стадионның қақпасында Шерханның ойынын көру” деп жазған екен. 1жылдан кейін сол арманының орындалғанын көрсетіп, Шерханның Алматының орталық стадионында қақпада жасаған жарқын сәттерінің видеосымен бөлісті.
Айта кетейік, Қайрат футбол клубының үшінші нөмірлі қақпашысы Шерхан Қалмұрзы Темірлан Анарбековтың жарақат алып қалуына байланысты “Қайрат” - “Ақтөбе” матчында алаңға шығып, дебют жасады. Чемпиондар лигасының матчтарында да жақсы ойын көрсетіп жүрген жас қақпашы футбол жанкүйерлерінің сүйіктісі айналды.