Қазақстан құрамасы Еуропа кубогындағы дзюдодан алтын алды

Сурет: ҰОК

СПОРТ
1909

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы ҰОК жариялады.

Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі) мен Расул Мұқым (-81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі) және Алтынбек Қонысбай (-60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...