«Чемпиондық тарихымның бір бөлігі»: Назым Қызайбай бағалы заттарын аукционға шығарды

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1222

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай спорттық карьерасындағы маңызды заттарын аукцион арқылы сатуға шығарды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz -ке сілтеме жасап. 

Ол 2025 жылы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған кезде киген шлемі мен қолғаптарын аукцион арқылы сатпақ.

 «Үш дүркін әлем чемпионы атанған сәтімдегі шлем мен қолғапты шығарып отырмын. Түпнұсқа. Қолтаңба. Аукцион басталды. Чемпиондық тарихымның бір бөлігіне кім жоғары баға береді?» – деп жазды Назым Қызайбай.

Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...