Жергілікті басылымның хабарлауынша, оқиға Екібастұздағы балабақшалардың бірінде болған. Бес жасар ба...
Әбиба Әбужақынова мен Төрехан Сабырхан Азиада алтыны үшін таласады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Аичи–Нагоя Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбужақынова ширек финалда Үндістан өкілі Асмита Деймен белдесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппонмен жеңіп, жүлдеге бір табан жақындаған еді. Жартылай финалында Қытай Тайбэйінің өкілі Лин Чэнь-Хаомен (Chen-Hao Lin) кездесті. Белдесу Әбибаның жеңісімен аяқталды. Ол қарсыласын «юко» ұпайымен ұтты. Осылайша қазақстандық дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты.
Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан 1/2 финалда Шавкатжан Болтаевпен (Өзбекстан) кездесті.
Алғашқы минуттан отандасымыз толықтай басымдықты қолға алып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Финал 2 қазанда өтеді.