Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9 маусым күні Стив Роллспен өтетін жекпе-жегінің алдында Insta...
Қазақстанда УЕФА Конференция лигасының финалы өтуі мүмкін
Фото: УЕФА
Қазақстан 2028 немесе 2029 жылы өтетін УЕФА Конференция лигасының финалын қабылдауға ресми өтінім берді. Бұл туралы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы — УЕФА мәлім етті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ұйым 2028 және 2029 жылдары өтетін Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге ниет білдірген 15 елдің өтінімін растады.
Қазақстан атынан финалды өткізуге Астана (Астана Арена) және Алматы (Алматы Арена) қалалары ұсынылған.
Конференция лигасының финалын қабылдауға Қазақстаннан бөлек келесі елдер де үміткер атанды:
-
Франция (Лилль)
-
Венгрия (Будапешт)
-
Италия (Турин)
-
Польша (Гданьск)
-
Финляндия (Хельсинки)
Финал өтетін ел мен қала туралы түпкілікті шешімді УЕФА 2026 жылдың 10 маусымына дейін қабылдайды. Ал сол жылдың қыркүйегінде турнирлердің иелері ресми түрде жарияланбақ.
Бұл — Қазақстан үшін тарихтағы алғашқы мүмкіндік: егер өтінім мақұлданса, еліміз алғаш рет еурокубоктық финалды қабылдайды.