Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісі...
Байкот бітті: «Реалдың» «Алтын допқа» қатысты ұстанымы өзгерді
Фото: ЖИ
Мадридтік «Реал» екі жылдық үзілістен кейін «Алтын доп» марапаттау рәсіміне қатысады. L’Équipe басылымының мәліметінше, клуб өкілдері 26 қазанда Лондонда өтетін салтанатты кешке барады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұған дейін мадридтік клуб 2024 және 2025 жылдары марапаттау рәсіміне қатысудан бас тартқан. Бұған 2024 жылы «Алтын допты» «Реалдың» бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниордың орнына «Манчестер Сити» ойыншысы Родри иеленуі себеп болған. Клуб бұл шешімге наразылық білдірген еді.
"2024 жылы Винисиустың Родриден жеңіліп қалуына байланысты соңғы сәтте жарияланған бойкоттан және 2025 жылы Кэролайн Вейр ғана қатысқан шектеулі өкілдіктен кейін, биыл мадридтік "Реал" "Алтын доп" кешіне кеңейтілген құраммен қатысады. Клубтың бірнеше номинанты дүйсенбі, 26 қазанда "Барселонаға" қарсы Эль-Класиконың келесі күні Лондонға аттанады", - деп жазады басылым.
«Реалдың» төрт ойыншысы үміткерлер тізімінде
2026 жылғы «Алтын допқа» «Реалдың» төрт ойыншысы ұсынылды. Олардың қатарында Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Джуд Беллингем және Марк Кукурелья бар.
Сонымен қатар қақпашы Тибо Куртуа үздік қақпашыға берілетін Яшин жүлдесіне, ал Ян Диоманде үздік жас ойыншыға арналған марапатқа үміткер атанды.
Биылғы «Алтын доп» марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл жолы футбол әлеміндегі беделді марапаттың тарихында алғаш рет салтанатты кеш Ұлыбритания астанасында ұйымдастырылады. 2026 жылы «Алтын доп» жүлдесінің табысталуына 70 жыл толады.