Аргентинадағы келесі турдың барлық матчінде Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы мансабына құрмет көрсету мақсатында ойын бірінші таймның 10-минутында тоқтатылып, жанкүйерлер қол шапалақтайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аргентинадағы әрбір матч 10-минуттан соң тоқтатылады
Фото: leomessi
139
Бұл туралы кеше Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) мәлімдеді.
Бұл шешім ерлер мен әйелдер арасындағы футбол, футзал және жағажай футболы жарыстарына қатысты қабылданды.
"Келесі турда барлық санаттағы ерлер мен әйелдер пәндері бойынша - футбол, футзал және жағажай футболында - матч бірінші таймның 10-минутында тоқтатылады. Одан кейін Лионель Мессидің Аргентина құрамасындағы мансабын мойындау белгісі ретінде бір минут бойы қол шапалақтау рәсімі өтеді", - делінген қауымдастық сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Сонымен қатар экрандармен жабдықталған стадиондарда матчтер басталғанға дейін Аргентина футбол қауымдастығының ресми бейнеролигі көрсетілуі тиіс.
Мессидің Аргентина құрамасындағы ойын нөмірі - 10. Бұл бастамадағы 10-минуттың мағынасы деуге болады.