Футбол мәдениеті қалыптасып келеді: Жанкүйерлер Қазақстан-Бельгия матчтын ерекше аяқтады

Фото: gov.kz

СПОРТ
992

«Астана Арена» стадионында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Матч аяқталғаннан кейін трибуналарда жанкүйерлер экологиялық акция ұйымдастырып, футбол кешін ерекше жағдайда аяқтауға атсалысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл бастаманы астаналықтардың сүйікті экобейнесі – Тазабек те қолдады. Оның қатысуы жанкүйерлерге қуаныш сыйлап, тазалық іс-шарасын жылы әрі достық күйге айналдырды.

Көрермендердің көбісі матч аяқталған соң трибуналарда қалған қоқысты жинауға атсалысып, тазалық мәдениеті мен ортақ кеңістікке деген құрмет көрсетті.

Осылайша, футбол жанкүйерлері ұлттық құраманы қолдаумен қатар, қаланың экологиясын жақсартуға деген жауапкершілігін де танытты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...