«Реал Мадридке» қарсы ойында «Қайраттың» қақпасын кім қорғайды?

Фото: ҚФФ

СПОРТ
385

«Реал Мадридке» қарсы ойында «Қайрат» алаңға қандай құраммен шығады? Қақпаны кім қорғайды? Клубтың бас бапкері Рафель Уразбахтин тарихи матч алдында көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сонымен бірге алпауыт командамен болатын кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты.

Маңызды кездесуге Темірлан Анарбековтің қатыспайтыны белгілі болды. Ауруханадан жақында ғана шыққан ол әлі оңалтудан өтуі керек. Ал Александр Заруцкий бір-екі күннен соң жаттығуға келеді. Әзірге негізгі құрамаға Шерхан Қалмұрза шығуы ықтимал деген болжам бар. Бас бапкердің сөзінше, бұл ойын «Реал» ойыншыларына да оңай болмайды.

Чемпиондар Лигасының 15 дүркін чемпионымен бетпе-бет келуге қазақстандық клуб қызу дайындалып жатыр.

Айта кетейік, матч 30 қыркүйек сағат 21:35-те басталады.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...