Боксшыларымыздың әлем чемпионаты финалындағы қарсыластары белгілі болды

Фото: Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

СПОРТ
826

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында еліміздің атынан сегіз боксшы алаңға шығады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Еліміздің атынан ерлерде Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі) сынға түссе, әйелдерде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады. 

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен белгіленген.

16:00. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)
16:15. Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
16:45. Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
22:00. Әйелдер. 51 кгелі Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
22:30. Әйелдер. 65 келі. Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
22:45. Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)
23:00 Әйелдер. 70 кгелі Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия).
23:45 Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан). 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды, деп хабарлады MadeniPort...

ПРОЗА

Қой атаулының түрі көп, кескін-келбеті де, бітімі де бір-біріне ұқсамайды. Соның ішінде менің көңілі...