Тарихи сәт қайталана ма?: «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
410

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кездесу 8 шілде күні Алматыдағы Орталық стадионында өтті. Маңызды матчтағы есепті 76-минутта қорғаушы Лукас Африко ашты. Қарсылас команда 90-минутта гол салып, есепті теңестірді. Алайда екінші таймға берілген қосымша уақытта шабуылшы Марк Гуал жеңіс голын соғып, «Қайратты» алға шығарды. 

Айта кетейік, алматылықтар бірінші таймда да бір мәрте гол соққанымен, төреші офсайдқа байланысты голды есепке алған жоқ.

Қарымта кездесу 15 шілде күні Черногорияда өтеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...