Қайраттың жанкүйері «Қайрат пен Реалдың» кездесетінін 4 жыл бұрын білген

Фото: ФК Қайрат

СПОРТ
1215

"Қайрат" футбол клубы әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше суретпен бөлісті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Көпшілікті таңқалдырған фото 2021 жылы түсірілген. Кішкентай жанкүйердің қолындағы плакатта сүйікті клубына деген сенімі бейнеленген деуге болады. 

Плакатта жасөспірім: «Чемпиондар лигасы аясында финалда "Қайрат" пен "Реал" кездеседі» деп жазған. Сондай-ақ онда ағылшынша «Ешқашан болмайды деп ешқашан айтпа» деген сөздер бар.

Клуб өкілдерінің айтуынша, плакатты Рома есімді жас жанкүйер төрт жыл бұрын, 2021 жылдың жазында жасаған.

"Біздің кішкентай жанкүйеріміз командамызға үлкен сенім артқан. Ол кезде Рома осындай арманын плакат арқылы жеткізген еді", – деді клубтың баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...