Ұлттар лигасы: Қазақстан өз алаңында Молдоваға есе жіберді

Фото: kff_team

СПОРТ
198

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ұлттар лигасы астында өтіп жатқан өз алаңымыздағы бірінші матчтың алғашқы минуттарынан бастап екі команда өз басымдылықтарын көрсетуге тырысты. Қазақстандық футболшылар бірнеше рет қарсылас қақпасына қауіп төндіргенімен, алғашқы болып есепті Молдова құрамасы ашты. Бірінші таймның соңғы минутында Ники Клешченко гол соғып, қонақтарды алға шығарды. 

Екінші тайм басталғаннан кейін Молдова есеп айырмасын ұлғайтты. 50-минутта Петру Попеску Қазақстан қақпасына екінші голды соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. 

Есеп айырмасы ұзарғаннан кейін де ойыншыларымыз берілмей, шабуылды күшейтті. Нәтижесінде 64-минутта Нұралы Әліп гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. 

Екінші таймның соңына дейін қазақстандық футболшылар есепті теңестіруге бар күшін салды. Алайда Молдова құрамасы қорғаныста сенімді ойнап, кездесуде жеңіске жетті. 

Осылайша Астана Аренада өткен матчта, Қазақстан өз алаңында Молдоваға 1:2 есебімен жол берді. Айта кетейік, Ұлттар Лигасында өткізген үш матчтан кейін Ұлттық құрамада тек 1 ғана ұпай бар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Эльмира Горбаева 23 қыркүйекте өзін бірнеше ер адам зорлағанын айтып, құқық қорғау органдарына жүгін...