«Қарабақ» Чемпиондар лигасында тағы да жеңіске жетті

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
1210

УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші туры аясында "Қарабақ" (Әзірбайжан) пен "Копенгаген" (Дания) командалары кездесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бакуде өткен матчта кездесудің тағдырын агдамдықтардың пайдасына шешкен голды ойынның 28-минутында жартылай қорғаушы Абделла Зубир соқты. Ал матчтың 83-минутында "Қарабах" футболшысы Эммануэль Аддай тағы бір гол енгізіп, есепті 2:0 қылып түйіндеді.

Айта кетейік, бірінші турда "Қарабақ" Лиссабонда "Бенфикамен" кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ақырында 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Агдамдықтар екі ойыннан кейін 6 ұпай жинап, турнирлік кестенің төртінші сатысына жайғасты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...