УЕФА президенті «Қайрат» клубына келіп, қандай баға берді?

Фото: fc.kairat

СПОРТ
629

Алматылық «Қайрат» футбол клубының спорт базасына УЕФА президенті Александр Чеферин келді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

УЕФА президентін «Қайрат» U-15 және «Қайрат» WU-17 сияқты академияның жасөспірімдер командалары, сондай-ақ көру қабілеті толық немесе жартылай шектелген жандарға арналған футболды таныстыратын Kairat Blind Football ойыншылары қарсы алды. Жас спортшылар Чеферинге клуб атынан естелік сыйлық табыс етті.

Кейіннен УЕФА президенті негізгі команда мен «Қайрат-Жастар» бапкерлер штабымен әңгімелесті.

Сапар барысында қонаққа клуб инфрақұрылымы таныстырылды. Тұрғын блок, асхана, жаттығу залы, медициналық орталық пен жаттығу алаңдары көрсетілді. Ол тіпті жастар құрамына жасалған жағдайдың Еуропаның жетекші клубтарына тән деңгейге сай екенін атап өтіп, базаның барлық заманауи стандартқа жауап беретінін ерекше айтты, - делінген клуб мәліметінде.

Сапар соңында Александр Чеферин «Қайратты» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуымен құттықтап, клубқа ұлттық және халықаралық аренада жаңа табыс тіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...