VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан 12 алтын алды

Спорт және туризм министрлігі

СПОРТ
105

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама спортшылары аударыспақ, құсбегілік, күрес түрлері, армрестлинг және басқа да ұлттық спорт бәсекелерінде жүлдеге ие болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Аударыспақтан 100 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы әрі Көшпенділер ойындарының екі дүркін жеңімпазы Сырым Ізбасаров қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, үшінші рет чемпион атанды. Ал 90 келіге дейінгі салмақта Дарын Өткелбай барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Аса ауыр салмақта Нұржан Еркінұлы қола жүлдеге қол жеткізді.

Құсбегілік сайысында Қазақстан атынан тоғыз спортшы бақ сынап, олардың төртеуі жүлдегер атанды. Қаршығамен сайыста Серікболсын Жалғасұлы Жебе атты құсымен алтын медаль жеңіп алды. Арман Қошқаров Алғыр атты бүркітімен күміс жүлдеге ие болды. Сұңқар сайысында Бақдәулет Бабажан күміс, Ерлан Кенжетаев қола медаль алды.

Күрес түрлерінен де қазақстандықтар жүлдесіз қалған жоқ. Самбодан 98 келіден жоғары салмақта Болат Сапар чемпион атанды. Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев қола жүлдеге қол жеткізді. Қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақта Алмас Жұмағали финалда Қырғызстан өкіліне жол беріп, күміс медаль иеленді.

Қазақстан құрамасы арқан тартудан да жарыс жеңімпазы атанды. Ал армрестлингшілер қоржынға 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль салды.

4 қыркүйекте қазақстандық спортшылар көкпар, көк бөрү, аламан бәйге, құнан бәйге, жорға, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату және тазы жарысын қоса алғанда 21 спорт түрінен сынға түседі.

Шоу-бизнес

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады, деп хабарлайды Madeni...