Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

Фото: ҚР дзюдо федерациясы

СПОРТ
1257

Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 7-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

66 келіде ширек финалға дейін жеткен Ғұсман Қырғызбаев шешуші белдесуде тәжік балуаны Нурали Эмомалиге есе жіберді. Ал жұбабныш белдесуінде Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хифуми Абэге юко әдісімен жеңілді. 

Отандасымыз бүгін жарысты екінші айналымнан бастады. Ол алғашқы белдесуінде Қытай балуанын жеңсе, екінші айналымда Израиль балуанынан басым түсті. 

Аталған салмақта финалға тәжік және жапон балуандары шықты. Ал қос қола жүлдені Франция-Тәжікстан және Жапония-Куба балуандары сарапқа салады. 

Без категории

Біз жазушы Ұларбек Дәлеймен поэзия мен проза арасындағы өткел, тарихи романдар жазудағы көркемдік...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты, деп хабарлады M...