«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы ойындардың алдында матч өткізбек

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
283

“Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасы аясындағы үйдегі соңғы ойынын бельгиялық “Брюгге” клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Goal.kz арнасының хабарлауынша, “Қайрат” бұл матчқа дайындық барысында Біріккен Араб Әмірліктерінде оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.

Жылы климат пен заманауи инфрақұрылым команданың физикалық дайындығын қалпына келтіріп, тактикалық жұмыстарды пысықтауға мүмкіндік бермек.

Дереккөздердің мәліметінше, оқу-жаттығу жиыны кезінде алматылықтар жолдастық матч өткізуді де көздеп отыр. Ықтимал қарсылас ретінде Әзірбайжанның танымал клубы Бакулік “Нефтчи” қарастырылуда. Бұл бақылау матчы “Брюггеге” қарсы өтетін ойын алдында құрамның дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік болмақ.

Қазіргі таңда “Қайрат” турнир кестесінде Испанияның “Вильярреал” клубымен бірге 36-орында тұр. Команда Кипрдің “Пафосымен” өткен ойында 0:0 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншіледі. Ал қалған кездесулерде “Спортингке” (1:4), “Реалға” (0:5), “Интерге” (1:2), “Копенгагенге” (2:3) және “Олимпиакосқа” (0:1) есе жіберді. 

PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...