Жәнібек Әлімханұлы шетелдік боксшылардың мазағына айналды

Фото: aqorda_resmi

СПОРТ
1354

Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген британиялық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшының допинг дауына іліккені туралы жаңалыққа дөрекі пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Допинг дауы туралы ақпарат шыққаннан кейін Бентли X әлеуметтік желісінде жағдайды белсенді түрде талқылай бастады. Ол қолданушылардың бірнеше сын пікірін бөлісіп, өзі де өткір жазбалар қалдырды.

Жазбалардың бірінде Бентли Әлімханұлын балаларды қорқытатын кейіпкер – «бугименге» теңеген.

«Құрып кеткір, мынау жалған бугимен допинг сынағынан өте алмай қалыпты», – деп жазды ол.

Басқа жазбасында британиялық боксшы қазақстандық спортшыны «қаңғыбас» деп атаған. 

СПОРТ

Бүгін Астана Аренада ел классикосы өтті. Елордалық “Астана” мен алматылық “Қайрат&...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...