Бірлік деген – бір дастархан, бір құндылық, бір мүдде!

Фото: Gov.kz

СҰХБАТТАР
385

1 мамырҚазақстан халқының бірлігі күні. Еліміз үшін бұл ерекше күн, жалпыұлттық мереке. Егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болғалы тілі басқа болғанымен тілегі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір ағайындар бір үйдің баласындай басқа түскен бүкіл ауыртпашылықтарды бірге көтердік. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрса, әлем елдерін тамсандырып, таңдай қақтыратын біздің елге ғана тән ұлттық құндылықтарымыз, қазаққа тән қасиеттер, ешкімді бөтенсімей бауырға басатынмейірбандығымыз, қонақжайлығымыз біздің елдімекендеген сол барша халыққа ортақ мінез-құлыққа айналуда.

Айтулы мереке қарсаңында, ұлтым - қазақ, тілім - қазақ деп, бар болмысымен қазақ жұртын жақсы көретін, ұлты өзге болғанмен, жаны қазақ жандардан бұл күннің ерекшелігі мен бірлік ұғымы олар үшін қандай маңызға ие екенін MADENIPORTAL.KZ тілшісі сұрап көрді. 

Әлеуметтік желіде өте белсенді, блогер Дана Адеева өзін “Ұлтым орыс болса да, мен өзімді орыспын деп санамаймын” деп ағынан жарылды. “Түрім ғана орысқа ұқсайтын шығар, өзім қазақпын” деген ару “Сіз үшін 1 мамыр қандай күн?” деген сауалға былай депжауап берді:

“1-мамыр мен үшін маңызды күндердің бірі. Қазақстанда өзге ұлт өкілдері өте көп. Бұрын басқа адамдарды көрсе таң қалатын. Қазір бір-біріміздіұлтқа бөлмей, адам ретінде қабылдап жатқанымызға өте қуанамын. 1-мамыр мерекесі, ұлтқа бөлінбей бәріміздің бірінші кезекте адамекенімізді еске алуымызбен маңызды депойлаймын”.

Қазақстанда туылдыңыз ба? Ұлтыңыз қандай?

Алматы қаласында туылдым. Нағашыларым Тараз, Қордайдан. Анам - таза қазақ. Әкем - орыс. Әкемнің әкесі - орыс, анасы - түрік. Әкем жақтан санайтын болсақ орыспын. Бірақ мен өзімді орыспын деп санамаймын. Әрқашан “қазақпын” деп айтам, мақтанамын. Қазақстанда туылып, қазақтар тәрбиелегеннен кейін, мен өзімді әрдайым қазақпын деп есептеймін”. 

Бала күнін еске алған Дана, өте өнерлі қыз болғанын айтып өтті:

Кішкентай кезімде мектепте әр жыл сайын 1-мамыр “Бірлік күні” мерекесінде орыс пен қазақтың ұлттық биін билейтінмін. Қазақша да, орысша да ұлттық биді жақсы билейтінмін”.


Қазақпын
деп жалындап тұрған қайсар қыздан “Қазақстанда тұру несімен ұнайды?” депсұраған едік:

“Қазақстан өзімнің елім, Отаным. Қазақтар бір-бірін танып, сөйлессе туысқан болып шығады, көшеде бір адаммен сөйлессең үйге шақырып бірге“шәй” ішіп туысқан болып кетеміз. Өте қонақжай халық”, - деп жауап берді.

Қазақ халқымен қарым-қатынас қандай? Ерекшеліктерін айта аласыз ба?

“Қазақ халқымен қарым-қатынасым өте жақсы. Себебі, мен өзім қазақпын. Әлеуметтік желіде мен әрқашан қазақтарды қолдап, қазақ тілі үшін, қазақ ұлты үшін күресемін. Ұлт, тіл мәселесіне қатты көңіл бөлем. Әр адамның өзінің миссиясы боладыдеп айтады ғой, менің миссия қазақтардың өзара қарым-қатынастарын біріктіру сияқты. Мен өзім қазақтарды қатты жақсы көрем.
Біз қонақжаймыз, ақкөңілміз. Маған тек мәңгүрттер ұнамайды. Қазақ тілімізді, дінімізді, ұлтымызды ұмытпасақ екен деймін. Қазақ халқының ерекшелігі - ешқандай адамды қандай ұлт болсын ешқашан ұлтқа бөлмей көмектесуге дайын тұрады”.

Қазақ тілін қайдан, қалай үйрендіңіз?

“Балабақшаны да, мектеп, колледж бенуниверситетті де қазақша оқыдым. Апамның қолында өскесін, ол кісілер таза қазақша сөйлегесін менің қазақшам таза”.

Бірлік пен татулықты қалай түсінесіз?

Бірлік пен татулықты былай түсінем: Мен ұлтқа бөлініп тұрған жоқпын. Бірақ, әр ұлт өзара бір болу керек. Егер де сол ұлттың арасында бірлік болса, онда ол басқа ұлттармен де тату бола алады дегенсөз. Егерде барлық адам бір-бірін түсініп, ұлтқа бөліну деген мәселе болмаса, жер планетасындабарлық жерде жақсы өмір сүретін бе еді депойлаймын”. 


Данамен
сұхбатымызды қорытындылай келеотбасында да осы құндылықтар сақталатынына сенім артып, “Отбасыңызда барлығы қазақша сөйлей ме?” деп сұрап көрдік:

Отбасымда бәрі қазақша сөйлейді. Қазақша сөйлемесең, “тілдеріңді бұрмалап басқа тілдесөйлемеңдер, қазақша сөйлеңдер” деп ұрысады. Патриоттық отбасыда өскеннен кейін, мен де қазақшамды жинақы ұстауға, қыстырма сөздерді қолданбауға тырысамын. Бірақ, ол әрдайым қолымнан келе береді деп айта алмаймын. Бәрін ақырын-ақырын үйреніп бастаймыз ғой. Маған үйдегілер: “Өз тіліңді, ұлтыңды ұмытпа, тарихыңды жаттап жүр, оқып жүр, зерттендепайтып жүреді. 1-мамыр Бірлік күні мерекесібаршамызға құтты болсын”, - деп шынайыжауаптан бөлек ізгі ниеті мен құттықтауын да жолдады.

Келесі кейіпкерМемлекеттік тілде сөйлеу мен үшін мәртебе” деп шын ықыласын білдірді. Өзге елден келсе де қазақ жерін жатсынбай, жұртын жақтырмай, бөлектеніп жүруді білмей, бауырмалхалқымызға бірден сіңісіп кеткен отбасының мүшесі Екатерина Подгорнова ештеңеге қарамай қазақ тілін құрметтейтінін жеткізді.

Қазақстанда туылдыңыз ба немесе басқа елденкөшіп келдіңіз бе?

“Мен негізі Ресейде, Еврей автономиялық облысында Биробиджан қаласында туылған едім. 3 жасымда әкемнің қайтыс болуына байланысты, анамның туылған жері, қазіргі Жетісу облысы, Ескелді ауданы, хәкім Абайдың атымен аталған Абай ауылына көшіп келдік”. 

Қазақ тілін қалай үйрендіңіз? Қазақ тіліндебілім аласыз ба?

“Қазіргі таңда Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісууниверситетінің “Zhansugurov college” -інде, “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесы” мамандығының 4 курс студентімін. Мектепті ауылдың тек қазақ тілінде оқытатын “Абай атындағы орта мектебіндебілім алдым. Яғни, балалық шағым да осы ауылда өткен. Айналамда қазақ балалар, мектепке дейінгібілімнен бастап қазақ тілінде білім алдым осының арқасында қазір таза қазақша сөйлеймін. Қазірде білім алып жүрген мекемеде қазақ тобындаоқимын. Үйде қазақша, орысша сөйлесеміз. Отбасымызда барлығымыз орыс ұлтынанбыз. Мемлекеттік тілде сөйлеу мен үшін бір мәртебе”. 

Болмысы қазақ болып үлгерген ару отбасындада қазақша тәрбие көріп өскенін, қазақтың ұлттық мерекесін тойлап, тағамын дайындайтындарын мақтанышпен айтты:

“Қазақ халқымен қарым-қатынасым өте керемет. Мен енді, орыс отбасында болғаныммен, қазақ ауылында өстім ғой, мені анам сәл қазақшалау тәрбие беріп өсірді десем де болады. Әз наурыздаміндетті түрде көже пісіріп, арасында көршілерге шелпекте таратып тұратын күндеріміз болды. Қазақтың тілін, әдет ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін жақсы білем және соларды құрметтеймін, осының арқасында қазақ азаматтарының арасында үнемі сыйлы болып жүремін. Негізі халық ауызындаайтылып жатадығой “КСРО кезінде қазақтар орыстанып кеттідеп мен керісінше бұл замандақазақтанып кеткен орыс қыз сияқтымын”. 

1-мамыр жәй демалыс күні емес, құндылықтарымызды атап өтетін күн депсанайтын ару “Бірлік күнінің” өзі үшін қандаймаңыздылыққа ие екенін де айтып өтті:

Бірлік күні адамдардың бір-біріне дегенсыйластығын, татулығын және ортақ құндылықтарға деген құрметін білдіретін күн. Жалпы бұл күн мен үшін көпұлтты мемлекетіміздебәріміз тату-тәтті өмір сүре алуымызға, бейбітшілікте, бір-бірімізді түсіне алуымызға сенімімді арттырып, осындай елде тұрып жатқаныма қуанатын күн. Қазір Қазақстанда 130-дан астан этнос өкілдері тұрады. Әрқайсысымыздың тіліміз, дініміз, салтымыз, мәдениетіміз, тарихымыз бір-біріне ұқсамайды. Бірақ бізді ортақ біріктіріп тұрған, Отанға дегенсүйіспеншілік, бейбітшілік және бір бірімізге дегенқұрмет. Мен үшін “Бірлік күні” жай ғана демалыскүні емес, осындай құндылықтарды атап өтетін, өткенді еске түсіріп, болашаққа сеніммен қарап, өскелен ұрпақты бейбітшілікке, татулыққа тәрбиелейтін ерекше күн”.

Бірлік пен татулық егіз ұғым іспеттес. Себебі, татулық болмаған жерде бірлік болмайды. Ал, бірлігі жарасқан ел әрқашан да тату, ауызбіршіліктеболады. Ұлттық құндылықтарымыз бен дарханкөңіл кеңдігіміз, жомарттығымыз бізді әрқашан биіктерден түсірмек емес. “Жаман ұлт болмайды, жаман адам боладыдемекші, атамекенімізді паналайтын қандай ұлт өкілін болса да бөлмей, жатсынбай қабылдай алатынымыздың көрінісін айқын көрсететін айтулы мереке бәріміз үшін ерекше күн екені сөзсіз. Бірлік деген бірдастархан, бір құндылық, бір мүдде! 

ЖАҢАЛЫҚТАР

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде басшылық қаражат жымқырған, деп хабарлайды MADE...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Татарстанда сұмдық жағдай орын алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Ер адам оқудан нашар баға алға...