Әлемге танымал актер Джеки Чан Қазақстанға келе жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmed...
Нұрсұлтан Назарбаев дауыс беруден кейін елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді
Фото: nazarbayev.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz тұңғыш президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Тұңғыш президент мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды.
Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.
Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін.
Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор.
Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.