ҚМДБ жаңа бас имамды тағайындады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ТАҒАЙЫНДАУ
1974

Жақында Қостанай облысының бас имамы сыра ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді. Осыдан кейін Бахытбек Тәжімбет орнын босатқан еді. Бүгін ҚМДБ жаңа бас имамды тағайындады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...