АҚШ президенттерін азаптаған әйел туралы білесіз бе?

ТАНЫМ
2267

Хелен Томас 1920 жылы 4 тамызда Кентукки штатының Винчестер қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ол 1942 жылы Детройт қаласындағы Уэйн мемлекеттік университетін бітірген. Хелен Вашингтонда даяшы болып еңбек жолын бастап, журналистика саласындағы алғашқы мансабын «Вашингтон жаңалықтары» газетінде қарапайым жұмыскер болып жалғастырған. 

1961 жылы Джон Кеннеди президент болып сайланғаннан кейін Хелен Ақ үйдің журналистер тобының құрамына еніп, АҚШ тарихындағы Ақ үйдің табалдырғын аттаған алғашқы әйел журналист атанады. 

Ол әрдайым АҚШ президенттеріне саяси салмағы ауыр сауалдар қоятын болған. Мысалы, Вьетнам соғысы аяқталғаннан кейін Хелен сол кездегі президент Никсоннан: «Вьетнам соғысының құпия жоспарын айтып берсеңіз», — деп сұраса, Рейганнан: «АҚШ Гренадаға қандай күш-қуат берді?», — деп тығырыққа тіреген. Ал Джордж Бушқа: «Президент мырза, Ақ үйге кірген сәттен бастап сіздің үкіметіңіз, үкімет шенеуніктеріңіз, барлау қызметкерлері және т.б. бар. Соғыстың нақты себебі туралы тіс жарған емес. Сіз Израиль үшін де, мұнай үшін де, Ираққа соғыс ашқан жоқпыз дедіңіз. Сонда не себепті соғыс аштыңыз?», — деп сұрақ қойған. 

Осы батылдығы үшін Хелен көптің құрметіне ие болып, кейде өзгелердің сынына да ұшырап жүрген. Сондықтан АҚШ жұрты Хелен Томасты «АҚШ президенттерін азаптаған әйел» деп атап кеткен. 

Бір қызығы өздерін соншама сынның астына алғанына қарамастан, АҚШ президенттері Хелен Томасты туған күнімен үнемі құттықтап отырған. 

Хелен Томас 2013 жылдың 19 шілдесінде 93 жасында өмірден өтті.

 

arhar.kz 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...