Демалыстан соң мектепке бармаған: Қостанай облысында 8 жастағы бала соққыға жығылған

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1929

Қостанай облысы Лисаковск қаласында 8 жастағы балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Astana TV арнасына сілтеме жасап.

«3 сәуір күні баланың мектепке каникулдан кейін келмегені туралы ақпарат тіркелген. Осыдан кейін балаға қатысты зорлық-зомбылық белгілері анықталып, іс полиция қарауына берілді», — делінген материалда.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр – сұрақ-жауаптар алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ювеналды полиция қызметкерлері оны арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығына орналастырды. Қазіргі уақытта бала биологиялық әкесімен бірге екені хабарланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...