Желдің әсері: Қарағанды облысында 11 жастағы қыздың үстіне үйдің шатыры құлады

Фото: ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
2228

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ауруханаға жеткізілді. деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға қыз бала үйіне қайтып келе жатқан кезде орын алған. 2014 жылы туған мектеп оқушысы шатырдың құлауынан жарақат алып, аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер тиісті тексерулер жүргізіп, қажетті медициналық көмек көрсетуде.

Алайда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) бұл оқиғаға қатысты басқа мәлімет ұсынды. Олардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

«Бес қабатты тұрғын үйдің 70 шаршы метрлік шатыры ұшып кетті. Зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өңірде 24 м/с жылдамдықтағы дауылды жел соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ондаған ағаш құлап, бірнеше тұрғын және әкімшілік ғимараттардың шатырын жел ұшырып кеткен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні Астанаға қоныс аударып, енді жеке шаңырақта тұры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионға арнайы видеоүн...